«Кредиторлар талаптары тізілімінің нысандарын, оны қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 762 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 334 Қаулысы (күші жойылды)
«Кредиторлар талаптары тізілімінің нысандарын, оны қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 762 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 334 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 308 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кредиторлар талаптары тiзiлiмiнің нысандарын, оны қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 762 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 442-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген оңалту рәсіміндегі кредиторлар талаптары тізілімінің нысаны осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру қағидалары мен мерзімінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру қағидалары мен мерзімі (бұдан әрі - Қағидалар) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 72-бабының 7-тармағына және 88-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және оңалту рәсімін қолдану кезінде - уақытша әкімшінің және банкроттық туралы іс қозғалған кезде уақытша басқарушының кредиторлар талаптарының тізілімін (бұдан әрі - тізілім) қалыптастыру тәртібін айқындайды.
Заңның 71-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және 89-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес тізілімді жүргізуді оңалту рәсімін жүргізу кезінде - оңалтуды басқарушы және банкроттық рәсімін жүргізу кезінде банкроттықты басқарушы жүзеге асырады.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кредиторлардың борышкерге қоятын талаптары ерікті түрде жазбаша нысанда мәлімделуі тиіс және мыналар:
Документ утратил силу
Демо – версия документа