(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.26.08 № 855 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 855 Қаулысы
(2015.24.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 14 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру және басқару жүйесін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті оған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетін қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 855 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2015.24.11. № 941 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда және көліктегі аумақтық органдары, сондай-ақ мынадай ведомстволары: Ішкі әскерлер Бас қолбасшылығы - Ішкі әскерлер комитеті, Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті, Тергеу комитеті, Криминалдық полиция комитеті, Әкімшілік полиция комитеті және Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бар.».
Редакция документа
Демо – версия документа