(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУ» МЕМЛЕКЕТТ...
Осы редакция 2017 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.26.02. № 152 бұйрығымен мемлекеттік қызметті көрсету регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 407 бұйрығына
7-қосымша
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
(2016.26.02. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекiтiлген «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) тағайындау рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы;
I, II және III топ мүгедектерінің, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың, 16-дан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін мүгедектігін алғашқы айқындау кезінде - көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
Редакция документа
Демо – версия документа