(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУ» МЕМЛЕКЕТТ...
Осы редакция 2016 жылғы 26 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 407 бұйрығына
7-қосымша
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
(2015.25.12. берілген өзгерістермен)
1. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі - регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бұйрығымен бекiтiлген «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) тағайындау рәсімін айқындайды.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015.25.12. № 1024 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) арқылы;
Редакция документа
Демо – версия документа