(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ, МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПО...
Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 7 маусымдағы № 237 бұйрығы
(2017.26.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы үлгі ереже бекітілсін.
2. Тұрғын үй шаруашылық департаменті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | С. Нокин |
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігі төрағасының
2012 жылғы 7 маусымдағы
№ 237 бұйрығымен бекітілген
Жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй комиссиялары туралы
үлгі ереже
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа