(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.17.04 № 369 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 369 Қаулысы
(2014.19.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № 761 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті таратылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі туралы ереже;
2) Мемлекеттік акциялар пакетіне (қатысу үлесіне) иелік ету және оны пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігіне берілетін заңды тұлғалар тізбесі;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.
4. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі осы қаулының 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
Редакция документа
Демо – версия документа