«Бірыңғай есепке алу жүйесінің операторы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 1087 Қаулысы
«Бірыңғай есепке алу жүйесінің операторы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 1087 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бірыңғай есепке алу жүйесінің операторы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - серіктестік) оның жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен құрылсын.
2. «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету серіктестік қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.
3. Серіктестіктің жарғылық капиталын осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) теңгеріміндегі республикалық мүлік есебінен қалыптастыру қамтамасыз етілсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Министрлікпен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) серіктестікті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік тіркеуді;
2) серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Министрлікке беруді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін, қоса беріліп отырған толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1087 қаулысына
қосымша
«Бірыңғай есепке алу жүйесінің операторы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
жарғылық капиталына берілетін республикалық мүліктің
тізбесі
№ р/с | Мүліктің атауы | Орналасқан жері | Өлшем бірлігі | Саны | Түгендеу нөмірі |
1 | «Балқаш көлі» бейнеролигі (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) | Астана қаласы | дана | 1 | 238308000536 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1087 қаулысымен
бекітілген
Демо – версия документа