«Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 Қаулысы (2024.10.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 Қаулысы
(2024.10.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2019.12.02. № 58 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.23.02. № 81 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Үкіметінің 2024.10.04. № 267 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2019.12.02. № 58 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.23.02. № 81 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
ҚР Үкіметінің 2019.12.02. № 58 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.23.02. № 81 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 918 қаулысына
1-қосымша
Демо – версия документа