«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 847 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 847 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелері қайта ұйымдастырылсын.
2. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті «Сарайшық» ауданының төтенше жағдайлар басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
3. Осы қаулының 2-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен және соның шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Үкіметінің
2024 жылғы 14 қазандағы
№ 847 қаулысына
қосымша
Қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің және оның ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің тізбесі
Демо – версия документа