Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығындағы ақпараттық қауіпсіздікті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 15 қарашадағы № 102 Қаулысы

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығындағы ақпараттық қауіпсіздікті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 15 қарашадағы № 102 Қаулысы

 

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 49-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7734 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға қойылатын талаптар осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Орталық депозитарийге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 318 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18180 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарийге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:

5-қосымшада:

1-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«11) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құжаттама;»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құжаттама мыналарды:

1) орталық депозитарийдің ақпараттық қауіпсіздік саясатын;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку