Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.01.02 № 79 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары комитетiнiң «Қазақавтожол» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының «Қазақавтожол-Көкшетау» еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 ақпандағы № 79 Қаулысы

(2014.19.09. берілген өзгерістермен)

  

Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Автомобиль жолдары комитетiнiң «Қазақавтожол» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының

«Қазақавтожол-Көкшетау» еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоғам қызметінің негізгі мәні жол қызметін жүзеге асыру болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) қоғамның жарғысын бекітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) қоғамның мемлекеттік акциялар пакетін пайдалану және иелену құқығын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне берсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 1 ақпандағы

№ 79 қаулысымен

бекітілген

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку