Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама (Нұр-Сұлтан, 2019 жылғы 29 мамырда)

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы

ХАТТАМА

(Нұр-Сұлтан, 2019 жылғы 29 мамырда)

 

ҚР 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 64-VII Заңымен ратификацияланды

2021 жылғы 28 қазанда күшіне енді

 

Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 82-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында,

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға 1-қосымшаның 67-тармағын басшылыққа ала отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру әдіснамасына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 21-қосымша болып табылатын Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттамаға қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1. 1-бөлім мынадай мазмұндағы 1.5-тармақпен толықтырылсын:

«1.5. Қырғыз Республикасының аумағында.

1.5.1. Қырғыз Республикасының ұлттық электр желісі (бұдан әрі - Қырғызстан ҰЭЖ-і) бойынша МАБ-тың жылдық болжамды көлемін МАБ-ты жүзеге асыруға уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйым) өтінім негізінде айқындайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку