Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы туралы хаттама (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 21 қосымша) (2022.05.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Еуразиялық экономикалық
одақ туралы шартқа
№ 21 ҚОСЫМША
2019 ж. 29 мамырдағы Хаттамамен тақырыбы жаңа редакцияда (2022 жылғы 5 сәуірде күшіне енді) (бұр.ред.қара)
Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы туралы
ХАТТАМА
(2022.05.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
2019 ж. 29 мамырдағы Хаттамамен 1 - 12-тармақтар жаңа редакцияда (2022 жылғы 5 сәуірде күшіне енді) (бұр.ред.қара)
I. Жалпы ережелер
1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 81 және 82-баптарына сәйкес әзірленді және Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастырудың, оның жұмыс істеуі мен дамуының құқықтық негіздерін айқындайды.
2-тармақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 104-бабының 8-тармағына сәйкес 5 - 8-тармақтарына сәйкес қабылданған актілердің соңғысы күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі
2. Осы Хаттаманың және осы Хаттамада көзделген актілердің ережелері мүше мемлекеттердің үшінші мемлекеттермен электр энергиясының саудасына байланысты қатынастарға, оның ішінде үшінші мемлекеттердің аумағына мүше мемлекеттің аумағы арқылы, үшінші мемлекеттердің аумағынан мүше мемлекеттің аумағы арқылы электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруге байланысты қатынастарға қолданылмайды.
Үшінші мемлекеттердің электр энергетикасы субъектілеріне қатысты міндеттемелерді орындау мақсатында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру аумағы арқылы электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің заңнамасымен реттеледі.
3. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
«қосылу туралы шарт» - орталықтандырылған сауда нәтижелері бойынша
Демо – версия документа