Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 13 ...

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 Қаулысы

(2021.11.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Самұрық» холдингі» АҚ) мен «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - «Қазына» АҚ) қосу жолымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) құрылсын.

ҚР Үкіметінің 2020.14.04. № 202 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестері) Қордың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе);

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;

3) осы қаулыға 3-қосымшаға («қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен) сәйкес Қордың тәуелсіз директорларына берілетін сыйақылардың мөлшері және төлеу шарттары бекітілсін.

3. «Самұрық» холдингі» АҚ мен «Қазына» АҚ заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде өз мүлкіне бағалау жүргізсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) «Самұрық» холдингі» АҚ мен «Қазына» АҚ қосу жолымен қайта ұйымдастыруды;

2) Қор Жарғысын бекітуді;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку