(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.17.03 № 348 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің жоғары әскери училищесі» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 наурыздағы № 348 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері үшін мамандар даярлауды одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің жоғары әскери училищесі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Әскери институты» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекеменің әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 17 наурыздағы
№ 348 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Құпия.
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
12-тармақта 2) тармақшаның елу бесінші абзацындағы «, әскери училищелерде» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Әскери институты.».
Редакция документа
Демо – версия документа