(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 2 ҚАЗАНДАҒЫ № 873 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 Қаулысы
(2012.30.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.30.11. № 1528 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 2 қазандағы
№ 873 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру
ережесі
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2012.30.11. № 1528 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына (бұдан әрі - Конституциялық Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орналастыру
ҚР Үкіметінің 2012.30.11. № 1528 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа