(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2015.27.02 № 101 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 101 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» және «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің қарамағына берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасайтын уәкілетті орган болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген кәсіпорындар қызметін «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 219-бабының 4-тармағына сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне беруді және осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 101 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Редакция документа
Демо – версия документа