«Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 222 бұйрығы (күші жойылды)
Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 222 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 971 бұйрығымен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды; ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен күші жойылды
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 54-бабының 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оның күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі |
Т. Дүйсенова |
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 222 бұйрығымен бекітілген
Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың
тізбесі
1. Ішектің пенетрациясымен және іштен қан өтумен асқынған іш сүзегі мен паратифтер
Документ утратил силу
Демо – версия документа