«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 13 ақпандағы № 842 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫМЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті:
1) ведомстволық құқықтық актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президентi |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2019 жылғы ақпанның 13-і.
№ 842
Президентінің
2019 жылғы 13 ақпандағы
№ 842 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.»;
12-тармақ мынадай мазмұндағы 64-32) тармақшамен толықтырылсын:
«64-32) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілейтін тәртіпте ұлттық қауіпсіздік органдарының ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асырады;»;
12-1-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1), 26-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) континенттік қайраң шегіндегі террористік көріністерге ден қояды;»;
Демо – версия документа