«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 579 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 579 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 23 шілдедегі
№ 579 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі № 310 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 12, 139-құжат).
2. «Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру және одан айыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1032 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 486-құжат).
Демо – версия документа