(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК САЛАСЫНДАҒЫ ЕСЕПТІЛІК ҚҰЖАТ...
Атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есептілік құжаттама нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 168 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 6 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 12-бабының 5) тармақшасының екінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы ай сайынғы есеп;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес шартсыз ақшалай көмек түріндегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы ай сайынғы есеп;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес шартты ақшалай көмек түріндегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы ай сайынғы есеп;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы тоқсан сайынғы есеп;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес шартсыз ақшалай көмек түріндегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы тоқсан сайынғы есеп;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес шартты ақшалай көмек түріндегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы тоқсан сайынғы есеп;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған алушылар туралы ай сайынғы есеп;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес шартсыз ақшалай көмек түріндегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған алушылар туралы ай сайынғы есеп;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес шартты ақшалай көмек түріндегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған алушылар туралы ай сайынғы есеп;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған алушылар туралы тоқсан сайынғы есеп;
Редакция документа
Демо – версия документа