(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КЕМЕ ТІЗІЛІМІН...
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 355 бұйрығына 2-қосымша
Осы редакция 2023 жылғы 12 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020.16.04. № 209 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау
қағидалары
(2023.28.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабы 1-тармағының 26-11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су жолдарында пайдаланылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау және «Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру», «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың қолданысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын кемелер экипаждарына қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының атқаратын лауазымдары бар адамдары олар әрбір кейінгі бес жыл өткен соң аттестатталуға жатады.
Редакция документа
Демо – версия документа