(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 8 СӘУІРДЕГІ № 335 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы кейбір ұйымдарды қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 335 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңы 16-бабының 1-тармағына сәйкес және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру және барлық еңбекке қабілетті сотталғандар үшін жұмыс орындарын ұлғайту жөнінде жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - кәсіпорын) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) кәсіпорын қызметінің мәні қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы өндірістік қызметті жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 8 сәуірдегі
№ 335 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару
жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қосу жолымен
Редакция документа
Демо – версия документа