«Экспорттық бақылау саласында рұқсат беру құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 965 Қаулысы
«Экспорттық бақылау саласында рұқсат беру құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 965 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Экспорттық бақылау саласында рұқсат беру құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 542-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 965 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1083 қаулысына
1-қосымша
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензиялар,
экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсаттар беруді келісетін
мемлекеттік органдар
Р/с № | Экспорттық бақылауға жататын өнім түрлері | Экспорт (кері экспорт) кезiнде лицензиялануға жататын тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды | Импорт кезiнде лицензиялануға жататын тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды | Өнімнің импортына (экспортына) лицензиялар және кері экспортына рұқсаттар беруді келісетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | «Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң номенклатурасын (тiзiмiн) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнім: әскери мақсатта қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі |
Демо – версия документа