Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 129 Қаулысы

«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 129 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - КеАҚ) құрылсын.

2. Техникалық және кәсіптік, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша білім беру саласындағы білім беру қызметтерін көрсету мен ғылыми әзірлемелерді практикаға енгізу КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

3. КеАҚ жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының балансындағы республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетімен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) КеАҚ жарғысын бекітуді;

2) мемлекеттік тіркеу үшін КеАҚ атынан құжаттарға қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және басқару органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында олардың мүдделерін білдіруге уәкілетті тұлғаны сайлауды;

3) КеАҚ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне КеАҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді;

5) осы тармақтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2019 жылғы 20 наурыздағы

№ 129 қаулысына

қосымша

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку