(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТТАР МЕН ОЛАРДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛҒАН БҰЙЫ...
Осы редакция 2019 жылғы 7 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін
атқарушысының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 640 бұйрығына 4-қосымша
«Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.02.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.02.05. № 296 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.02.05. № 296 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беру туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11363 тіркелген) бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде әзірленді және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.02.05. № 296 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды.
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.02.05. № 296 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа