(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТТАР МЕН ОЛАРДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛҒАН БҰЙЫ...
Осы редакция 2018 жылғы 2 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін
атқарушысының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 640 бұйрығына 4-қосымша
«Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.12.02. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - жарылғыш заттарды және олардың негізіндегі бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсат беру (бұдан әрі - рұқсат).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру электронды нысанда.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үрдісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерініз)
іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы
Редакция документа
Демо – версия документа