«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылған деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 809 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылған деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 809 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетіне (Ә.А. Асавбаев) қамтамасыз ету:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберуді;
2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін атқарушы |
А. Рау |
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 28 шілдедегі
№ 809 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар
министрлігінің кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті және оның аумақтық органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 ақпандағы № 13-2-Ө бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2748 болып тіркелген, «Официальная газета» газетінде 2004 жылғы 10 сәуірде № 15 (172) жарияланған);
Демо – версия документа