Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Каспий итбалығы» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қазандағы № 884 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Каспий итбалығы» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қазандағы № 884 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабының 3) тармақшасына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегі аумақтық сулары шегінде әкімшілік ғимараты Ақтау қаласында орналасатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Каспий итбалығы» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - «Каспий итбалығы» МТР) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Каспий итбалығы» МТР жерлерінің шекараларын карталарда және жергілікті жерде белгілесін.

3. Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен ерекше қорғалатын табиғи аумақты - «Каспий итбалығы» МТР-ды құру үшін Маңғыстау облысының Түпқараған және Бейнеу аудандарының шегіндегі Каспий теңізінің жалпы ауданы 108632,31 гектар су қорының жерлері «Каспий итбалығы» МТР-ға тұрақты жер пайдалануға берілсін.

4. «Каспий итбалығы» МТР-ды қаржыландыру ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп-ұстауға республикалық бюджетте көзделетін қаражат есебінен және соның шегінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады деп белгіленсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку