«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 649 Қаулысы
«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 649 Қаулысы
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 1-тармағынасәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ОҚМПУ» КеАҚ) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. «ОҚМПУ» КеАҚ қызметінің негізгі түрлері жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және қосымша білім беру саласындағы білім беру қызметтерін көрсету болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) «ОҚМПУ» КеАҚ жарғысын бекітуді;
2) басқару органдары құрылғанға дейін «ОҚМПУ» КеАҚ атынан мемлекеттік тіркеу құжаттарына қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген тұлғаны сайлауды;
3) «ОҚМПУ» КеАҚ Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
4) «ОҚМПУ» КеАҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне беруді;
5) осы тармақтан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтыруларбекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Демо – версия документа