Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 19 қарашадағы № ҚР ДСМ-120 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 19 қарашадағы № ҚР ДСМ-120 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылатын, тізбенің 1-тармақтың екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарды қоспағанда, 2021 жылғы 1 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы

 

М. Шоранов

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау

министрінің міндетін атқарушы

2021 жылғы 19 қарашадағы

№ ҚР ДСМ-120 Бұйрықпен

бекітілді

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының

тізбесі (бұдан әрі – Тізбе)

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку