(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУГЕ ЖАТПАЙТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫ...
Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілде № 1021 Қаулысы
(2013.29.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2019 жылғы 3 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы № 327 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 ақпандағы кеңейтілген мәжілісінде айтылған тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
ҚР Үкіметінің 11.10.2001. № 1313 ; 2003.26.09. № 979; 2004.03.08. № 829 ; 2008.26.05. № 502 (бұр.ред.қара); 2008.11.09. № 847 (бұр.ред.қара); 2009.14.09. № 1369 (бұр.ред.қара); 2009.12.10. № 1560 (бұр.ред.қара); 2010.17.09. № 957 (бұр.ред.қара); 2011.28.06. № 722 (бұр.ред.қара) қаулыларымен; 2013.29.05. № 529 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021
қаулысымен бекітілген
Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының
тізбесі
---------------------------------------------------------------------------
Атауы ! Мекен-жайы
---------------------------------------------------------------------------
1 «Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық Алматы қаласы
университеті» республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Редакция документа
Демо – версия документа