«Астана дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқармасы» акционерлік қоғамын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 433 Қаулысы
«Астана дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқармасы» акционерлік қоғамын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 433 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқармасы» акционерлік қоғамы «Сыртқы саяси зерттеулер институты» акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 25 маусымдағы
№ 433 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде:
Демо – версия документа