Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 425 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 425 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Шымкент қаласының Әділет департаменті», «Астана қаласының Әділет департаменті «Байқоңыр» ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемелері құрылсын.

2. Заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) «Алматы облысының Әділет департаменті Кеген ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен «Алматы облысының Әділет департаменті Райымбек ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

2) «Түркістан облысының Әділет департаменті Жетісай ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен «Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Мақтаарал ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

3) «Түркістан облысының Әділет департаменті Келес ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен «Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Сарыағаш ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастырылсын.

3. «Ақтөбе облысы Әділет департаменті Ақтөбе қаласының «Астана» ауданының әділет басқармасы» және «Ақтөбе облысы Әділет департаменті Ақтөбе қаласының «Алматы» ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемелерін бөліп шығару жолымен «Ақтөбе облысы Әділет департаменті Ақтөбе қаласының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастырылсын.

4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.

5. Мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

6. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) мекемелердің ережелерін бекітуді және олардың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку