«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 32 бұйрығы (2023.03.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 32 бұйрығы
(2023.03.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 379-НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті мыналарды:
1) осы бұйрық көшірмесін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігіне жіберуді;
2) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электрондық көшірмелерін оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілер Эталонды бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ұсынуды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 450 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Д. Абаев |
Документ утратил силу
Демо – версия документа