(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТТЕРІН, ҚҰРАЛЫМДАРЫН ЖӘНЕ ҚҰ...
«Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1108 бұйрығы
(2018.11.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 13 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.11.07. № 507 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10831 тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларында:
4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтері (бұдан әрі - МеӨҚҚ) аттестаттауға және қайта аттестаттауға жатады.
МеӨҚҚ аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу үшін Комитетке мынадай құжаттар ұсынылады:
1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МеӨҚҚ аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы өтініш;
2) ұйым жарғысының көшірмесін (болған кезде);
3) көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің көшірмелерін (шығу өрт сөндіру техникасымен МеӨҚҚ үшін);
4) өрт сөндіру автомобильдерінің міндетті техникалық қарап-тексеруден өткені туралы куәліктің көшірмесін (шығу өрт сөндіру техникасымен МеӨҚК үшін);
Редакция документа
Демо – версия документа