«Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 507 бұйрығы (2022.08.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 507 бұйрығы
(2022.08.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-15) тармақшасына, 27-бабының 4-тармағына және 31-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Мына:
1) «Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10831 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 маусымда жарияланған) 1-тармағының 1) тармақшасы;
2) «Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1108 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14749 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 22 ақпанда электронды түрде жарияланған) 1-тармағы екінші абзацының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Демо – версия документа