(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САҚТАНДЫРУ БРОКЕРІНІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ ЖӘНЕ МЕНШІКТІ КАПИТА...
Сақтандыру брокерінің жарғылық және меншікті капиталының ең төмен мөлшеріне қойылатын талаптарды белгілеу, Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 270 Қаулысы
(2020.23.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2021 жылғы 12 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сақтандыру брокерінің жарғылық және меншікті капиталын қалыптастыруға қойылатын мынадай талаптар белгіленсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы 2021 ж. 1 шілдеге дейін қолданылады
1) жаңадан құрылатын сақтандыру брокері үшін жарғылық капиталдың ең төмен мөлшері мынадай шамалардан кем болмайды (мөлшері тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштермен):
сақтандыру шарттарын жасасу бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия бойынша - 20 000 (жиырма мың);
қайта сақтандыру шарттарын жасасу бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия бойынша - 100 000 (бір жүз мың);
1-тармақтың 2) тармақшасы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2) жаңадан құрылатын және жұмыс істеп тұрған сақтандыру брокерінің жарғылық капиталының ең төмен мөлшері мынадай шамалардан кем болмайды (мөлшері тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштермен):
сақтандыру шарттарын жасасу бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия бойынша - 20 000 (жиырма мың);
қайта сақтандыру шарттарын жасасу бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия бойынша - 100 000 (бір жүз мың);
Редакция документа
Демо – версия документа