(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ НОРМАТИВТІ...
Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын реформалау жөніндегі тұжырымдаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1509 Қаулысы
(2015.02.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын реформалау жөніндегі тұжырымдама бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1509 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын
реформалау жөніндегі тұжырымдама
1. Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын реформалауды пайымдау
ҚР Үкіметінің 2015.02.04. № 173 Қаулысымен кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ағымдағы жағдайды талдау
Қазіргі уақытта құрылыс саласындағы заңнама «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарынан, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесінен және басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Редакция документа
Демо – версия документа