Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымын басқару және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 1/125 Қаулысы

Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымын басқару және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 1/125 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының 4-бабы 9-17) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымын басқару және пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Алматы қаласының әкімі

Е. Досаев

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2023 жылғы 28 ақпандағы

№ 1/125 қаулысына

қосымша

 

 

Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымын басқару және пайдалану

қағидалары

 

1 - тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Көліктік инфрақұрылымды басқару және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы» заңдарына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншіктегі Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқару және пайдалану тәртібін айқындайды.

2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) Алматы қаласының көліктік инфрақұрылымының басқарушы компаниясының құрылтайшысы – Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – құрылтайшы);

2) басқару органы – акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік акциялар пакетін (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын және/немесе коммуналдық кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың (аясының) уәкілетті органы;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку