(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ - ЕЛБАС...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы
(2019.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2017.05.05. № 471 Жарлығымен орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — Назарбаев орталығы) базасында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Кітапхана) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Кітапхананың Жарғысы бекітілсін.
ҚР Президентінің 2016.04.11. № 369 Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кітапхананың штат саны 140 бірлік болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Астана» ұлттық сурет галереясы» (бұдан әрі - «Астана» галереясы) республикалық мемлекеттік мекемесін құратын болсын;
2) «Астана» галереясы қорының сақталуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, Назарбаев орталығының 269 бірліктегі штат санының және Назарбаев орталығына бекітіп берілген мүліктің «Астана» галереясына берілуін қамтамасыз етсін;
3) Кітапхана мамандары мен қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларын (мөлшерлемесін) белгілеуді қамтамасыз етсін;
4) Кітапхананың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
5) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2014 жылғы мамырдың 13-і.
№ 767
Редакция документа
Демо – версия документа