«Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 14 бұйрығы (2024.26.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 14 бұйрығы
(2024.26.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.24.11. № 87 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 10 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-1) және 4-2) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде осы Қағидаларға 1-25-қосымшалардағы нысандарға, көрсеткіштер мен құрылымға сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдардың қолданыстағы бесжылдық даму жоспарлары мен олардың орындалуы жөніндегі есептерін мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Демо – версия документа