Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 745 бұйрығы (2024.05.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткiзу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 745 бұйрығы

(2024.05.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Қорғаныс министрінің 2024.22.04. № 405 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 5 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 139-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.

ҚР Қорғаныс министрінің 2024.22.04. № 405 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 5 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Экономика және қаржы департаментінің бастығы:

1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

3) бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.

3. «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 405 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 25 тамыздағы № 11941 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы «Әділет» нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции