«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 143-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 134-ө өкімі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 143-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 134-ө өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңыніске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тізбеге сәйкес тиісті құқықтық актіні қабылдасын және келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін хабардар етсін.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тоқсанның қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты қорытындыласын және келесі тоқсандағы айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Демо – версия документа