(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СОТ САРАПТАМАСЫН ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ЖАРАҚТАН...
Сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 310 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Сот сарапшысы өз қызметін жүзеге асыратын арнайы жабдықталған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды бекіту туралы» 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 47 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10286 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 наурызда жарияланған), «Сот сарапшысы өз қызметін жүзеге асыратын арнайы жабдықталған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 47 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы 1 маусымдағы № 385 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13863 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 шілдеде жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Редакция документа
Демо – версия документа