«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 7 қазандағы № 527 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 7 қазандағы № 527 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11234 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Кәсіби дипломды немесе кәсіби дипломның телнұсқасың алу үшін жеке тұлға (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы мынадай құжаттарды:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
кәсіби дипломды алу үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiмі туралы құжатты (дипломды);
жүзу өтiлiн растайтын құжатты;
Демо – версия документа