(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ КАДРДАҒЫ ІС ҚАҒАЗДА...
Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрдағы іс қағаздарын жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 27 бұйрығы
(2019.27.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық іс қағаздарын жүргізу құжаттарының үлгілік нысандары бекітілсін.
2. «Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрдағы іс қағаздарын жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 15 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12647 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Редакция документа
Демо – версия документа