(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2012.24.02 № 92 ҚАУЛЫСЫ
Банк конгломератына арналған нормативтік мәндерін және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелерін, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 92 Қаулысы
(2014.22.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Банк конгломератына арналған нормативтік мәндері және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелері, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдері белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдiстемелерi мен нормативтiк мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудiң нысандары мен мерзiмiн белгiлеу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 44 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылы 28 наурызда № 4148 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Г. Марченко |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
Төраға Ә.А. Смайылов
2012 жылғы 28 наурыз
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 92 қаулысына
қосымша
Банк конгломератына арналған нормативтік мәндері және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті
лимиттерді есептеу әдістемелері, сондай-ақ есептілікті ұсыну
нысандары мен мерзімдері
Редакция документа
Демо – версия документа