(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ КЕЙБІР БҰЙРЫҚТАРҒА ӨЗГ...
Денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 шілдедегі № ҚР ДСМ-86/2020 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 27 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының негізінде және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 25-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1-тармақ 2020 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11526 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
«2. Денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін көтермелеу:
сараланған қосымша ақы түрінде бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттың қалыптасқан үнемдеуінің (бұдан әрі - қаражатты үнемдеу) есебінен;
Редакция документа
Демо – версия документа