«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері жөніндегі кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 85 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері жөніндегі кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 85 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бухгалтерлік есеп департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Т. Сулейменов |
Демо – версия документа